Біздің миссиямыз: «Адамдардың денсаулығын жақсарту және ұзақ өмір сүру үшін оларға көмектесу».

оңалту орталығы туралы мәлімет

   Балаларды оңалту орталығы санаторий түрінде 1939 жылы құрылып, Ұлы Отан соғысы жылдарында «Украина» балалар үйінің тәрбиеленушілері шипажайға орналастырылған. 1943 жылы «Украина» балалар үйі Кавказға қоныс аударғаннан кейін шипажай балаларға арналған туберкулезді «Ванновка» болып ұйымдастырылды. 1997 жылдан бастап «Ванновка» шипажайы «Ақ-Бұлақ» облыстық балалар өкпе-құрт аурулары шипажайы болып атауы өзгертілген.

Түркістан облысы әкімдігінің  28.01.2020 жылғы «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарын қайта атау және Жарғыларын бекіту» туралы  №14 қаулысы негізінде, «Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Ақ-Бұлақ» облыстық балалар өкпе-құрт аурулары шипажайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Ақ-бұлақ» облыстық балалар оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып болып бейіні өзгертілді.

2001 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін кәсіпорынды жоғары санатты дәрігер-реабилитолог және жоғары санатты дәрігер-фтизиопедиатр Оспанов Нұрлан Мүтәнұлы басқарып келеді. Орталықта тәулік бойы соматикалық аурулары бар балаларға 100 төсек-орын, жүйке-жүйесі органикалық зақымдалған балаларға 40 төсек-орын, қалған 60 төсек орыны тірек қимыл аппараты бар ауруларға арналған 200 төсек –орын жұмыс істейді.  Оңалту емдеу курсы 18 төсек/күн. Жоспарланған кесте бойынша жылына  3600 бала оңалту курсынан өтеді. Орталық бүгінгі таңда қажетті стандарттарға сәйкес кешенді оңалту жұмыстарын жүргізуде. Орталық заманауи жабдықтармен жабдықталған.

   Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округі, Қараағашты ауылы, Ш.Әбдіжаппар көшесі, №4 мекен-жайында орналасқан.   

орталықтың аумағында орналасқан:

  • - №1, 2  емдеу-жатын корпустары;
  • - асхана;
  • - мекеме әкімшілігі; 
  • - спорт зал;
  • - мәдениет залы;
  • - физиотерапиялық бөлме;
  • - емдік дене шынықтыру бөлме;
  • - оқшауланған палата;
  • - залалсыздандыру корпусы;
  • - тіс емдеу бөлмесі;
  • - монша, кір жуу кешені

№1 Емдеу корпусы

№2 Емдеу корпусы

Стоматология бөлмесі

Физиотерапиялық ем бөлмесі

Тынығу орны

Ойын алаңында

Асхана және ас даярлау блогы

Ас адамның арқауы

Монша және кір жуу кешені

Ақ-Бұлақ оңалту орталығының әкімшілігі

Денешынықтыру залы

Спорт алаңы

Акт залы

Кітапханада

Тігін шеберханасы

Әкімшілік