«Біз, Қазақстандықтар туберкулезге қарсымыз!»

Науқастар мектебі

Главная / Науқастар мектебі

Вирусттық гепатит

   Вирустық гепатиттер- бұл бақытсыз отбасы іспетті, құрамында кем дегенде бес мүше, вирустық гепатит (А, В, Е, С, D) бар. Олардың әр біреуінде симптоматика мен салдар, бір-бірінен өзгеше. Олар бес түрлі аурудың алғышарты болып табылады.

А вирустық гепатит

   Көне замандағы ойшылдар: «Жуылмаған қолды шауып тастау жөн» деп,- тектен-тек айтқан жоқ. А вирустық гепатитті фекалды-оральді яғни жуылмаған қолдар ауруы деп атайды. А вирустық гепатит ең көп тараған жұқпалардың бірі. А вирустық гепатитімен ең әуелі, мектепке дейін жастағы балалар ауырады. Қол жумай жемістерді, нан мен майды жеу, ойыншықпен ойнап, саусағын ауызғу салу салдарынан жұқпаға душар болады.

Аурудың белгілері:

Жоғары температура, әлсіздік, шаршаңдық, құсу.

   Баланың тері түсі сарғайса, онда жұқтыру қасиеті жойылады да бірнеше аптадан кейін А гепатитпен мәңгілікке қоштасады. Дәрігерлердің пікірінше, гепатиттің мұндай түріне шалдыққан бала, ауруханаға қарағанда, үйде емделгені абзал. Өйткені, үйде күтім де тамақ та жақсы болады.

А вирустық гепатитті алдын алу

   Қымбатты аналар, қай заман болса да, А вирустық гепатитті алдын алудың ең оңтайлы түрі- «хош иісті сабын мен биязы сүлгі» екені ұмытпағайсыздар. Балаларыңыз тамақтанудың алдында қолын сабынмен жуып отыруын қадағалаңыз. Сондай-ақ көкөніс пен жемісті мұқият жуылып, желінсін. Балаңыз балабақшада біреудің түбегіне отырмауы жөнінде нұсқап, ақыл айтыңыз. Отбасыңызда біреу гепатитпен ауырып қалса, киімдерді, ойыншықтарды, ыдыс-аяқты хлораминмен өңдеп, жуыңыз. Естияр адамдар А гепатитімен әлдеқайда сирек ауырады.

В вирустық гепатит

   ХХІ ғ. В вирустық гепатиттің қатері ЖТҚА індетінен де кем болмауы мүмкін. Тек ЖТҚА індеті сирек, ал, В вирустық гепатит кең таралған. Аталған індетпен 20-40 аралығындағы жастылар жиі ауырады. Әдетте, В вирустық гепатит тіс дәрігердің немесе гинекологтің сәтсіз емінен, сондай-ақ зарарсызданбаған «шприцтік гепатиттен» пайда болады. Жұқтырудың өзге жағдайлар: шаштаразда, сән салонында және басқа да тұрмыстық қатынас арқылы. Сонымен қатар, В вирустық гепатиті нашақорлар мен гомосексуалистер арасында кең таралған.

В вирустық гепатитті алдын алу

   В вирустық гепатитті алдын алу үшін біреудің тіс щеткасын, косметикалық құралдарын, ұстарасын пайдаланбаңыздар! Және кездейсоқ жыныстық қатынасында мүшеқапты пайдалануды ұмытпаңыздар! Аяулы ханымдар, жүктілікті жоспарлаудың алдында, өз денсаулығыңызды тексеріп, сауығыңыз! Қымбатты жасөспірімдер, татуировкаларды, сырға және т.б. жасатқыңыз келсе, онда репутациясы мінсіз косметикалық салондарына барыңыз. Құрметті халайық, спирт, вирустарды жойып, өлтірмейді, сондықтан да тұрмыстық құралдарды, медициналық құрал-сайманды мұнымен сүртпеңіз. В вирустық гепатитті алдын алудың ең сенімді кепілі- вакцинация!!!

D вирустық гепатит

   D вирустық гепатит «кейде» В вирустық гепатитпен «қосарлап жүреді». Бұл екі вирус бір-бірін қостап тұрады. В вирустық гепатитпен күресіп, D вирустық гепатитпен мәңгілікке қоштасуға болады. Қос вирусты алдын алу әдісі ұқсас.

D вирустық гепатитті алдын алу

   D вирустық гепатитті алдын алуын оқымас бұрын, әуелі В вирустық гепатитті алдын алуын оқыңыз. Содан соң, екеуінің әдістері бір екенін түсінесіз.

ДОТС. Туберкулезге қарсы дәрілер. Жаңама әсерлері

   Тікелей қадағалауда емдеу (ДОТС) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) ұсынған туберкулезді бақылау стратегиясының өзекті мәселесі болып табылады. Емделу мерзімін сақтау және тағайындалған дәрілерді дер кезінде қабылдау өте маңызды. Тікелей қадағалап емдеу кезінде тек қана емделуші емес, медицина қызметкері де тәртіптің сақталуына жауапты болады, бұл емдеудің толық курсын аяқтауға барлық жағдайды жасайды. Медбикенің тікелей қадағалауымен емделушілер тағайындалған дәрілердің бәрін қабылдайтынына дәрігер сенімді болуы керек.

Туберкулезге қарсы препараттардың жіктемесі:

      1) 1-топ – бірінші қатардағы ауыз арқылы қолданылатын туберкулезге қарсы препараттар: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (E);

      2) 2-топ – инъекциялық препараттар: канамицин (Km), капреомицин (Cm) или амикацин (Am);

      3) 3-топ –фторхинолон топтарының препараттары: левофлоксацин (Lfx), моксифлоксацин (Mfx);

      4) 4-топ – екінші қатардағы басқа да туберкулезге қарсы препараттар: протионамид (Pto), циклосерин (Cs), ПАСК (Pas);

      5) 5-топ – Бедаквилин (Bdq), Деламанид (Dlm), (Линезолид (Lzd), клофазимин (Cfz), имипинем-циластатин (Imp/Cls), амоксициллин-клавуланат (Amx/Clv).

   Изониазид (тубазид, изотамин және т.б.) – туберкулез микобактериясының, әсіресе жас торша ішіндегі туберкулез бактериясына әсері күшті келеді. Бүкіл туберкулез ауруының барлық түріне қолданады. Ересектерге және балаларға ішуге тәулігіне 5-15 мл/кг күн сайын тағайындалады. Алдын ала қолдану үшін тәулігіне 5-10 мл/кг, 2 ай ішу керек. Тағайындалу жолдары: бұлшық етке, көктамырға, ингаляция ретінде, кейде тікелей кавернаға, басқа туберкулез дәрілерімен қосылып беріледі.

   Жанама әсерлері: бас ауыру, бас айналу, құсу, лоқсу, жүрек тұсының ауырсынуы, терідегі аллергиялық өзгерістер, ұйқы қашу, шеткі жүйкелердің полиневриттері, көз жүйке невриті, дәрілік гепатит және т.б. әсерлер. Осындай қатерлі әсерлердің алдын алу үшін пиридоксин, тиаминмен қосып беріледі. Соның өзінде де қатерлік әсерлері: неврит, қалтырау, ауыз кеуіп кету, тепе-теңдік жоғалып кетуі мімкін.

   Кері көрсеткіштері: қояншық және осыған ұқсас тырысулар, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы, асқынған атеросклероз, жүкті әйелдерге, өкпе-жүрек жетіспеушілігінде ІІІ сатысы, артериялық қысымның ІІ-ІІІ сатысында, жүрек тамырының қысылуы, псориаз, экзема, микседема, демікпе және т.б.

   Рифампицин (рифамор, рифадин, римактан және т.б.) – спектрі кең жартылай жасанды антибиотик, туберкулез микобактерияларына, лепра (алапес), грам оң және грам теріс (стафилококк, менингококк, гонококк) бактерияларға, сонымен қатар, бруцеллез, бөртпелі сүзек және трахома қоздырғыштарына әсерін тигізеді. Оны өкпе және тыныс жолдарының созылмалы аурулары, зәр және өт жолының ауруларының алдын алу үшін қолданады. Менингит, перитонит, эндокардит, остеомиелит және т.б ауруларды емдеуде қолданады.

   Рифампициннің қолданылатын мөлшерлері - 0,05; 0,15; 0,3 және 0,45 г қапталған түймедағы № 30 және 100; 0,15 және 0,6 г флаконы егуге арналған. Туберкулезді емдеу кезінде ересектерге мөлшері 0,45 г күніне 1 реттен, 3 жастан асқан балаларға 10 мг/кг тағайындалады. Оны қолданғанда көптеген жанама әсерлері болады: асқазан, бауыр, ұйқы безі, көз қызметтері бұзылады және лейкопения, тромбоцитопения пайда болуы мүмкін. Кері көрсеткіштері: сарғаю, гепатит, сонымен қатар, жүкті және бала емізетін әйелдерге қолданбайды.

    Этамбутол (диамбутол, миамбутол және т.б.) жасанды дәрі, тек туберкулезді емдеу үшін басқа дәрілермен бірге қолданылады. Мөлшері 0,1; 0,2; 0,4; 0,6; 0,8 және 1 г № 50 және 100, содан соң 0,25 № 250 қапталған түрінде пайданылады. Ішу ретінде мөлшері ересектерге 15-30 мг/кг, балаларға 15-25 мг/кг тәулігіне беріледі. Бұның жалпы жанама әсерлері байқалады, бірақ көбінесе көздің қызметін бұзады. Көздің жүйке және қабыну аурулары, катаракта, ретинопатия кезінде, жүкті әйелдерге қолданылмайды.

   Этионамид (тионид, трекатор және т.б.) туберкулез бен лепраны емдеу үшін басқа дәрілермен бірге қолданылады. Бұның түймедағы мен дражесі 0,2 және 0,25 г-нан № 10 және 50 шығарылады. Ішуге арналған мөлшері 0,25 г күніне 3 реттен, балаларға тәулігіне 0,01-0,02 г/кг беріледі. Жанама әсерлері көбінесе асқазаннан байқалады: ішінің ауыруы және кебу, іш өту, лоқсу, құсу және т.б. Асқазан, бауыр ауруларында және жүкті әйелдерге беруге болмайды.

   Канамицин аминогликозидтік антибиотиктерге жатады (Антибиотиктер бөлімін қараңыз). Бұл да басқа туберкулездік дәрілермен бірге пайданылады.

   Стрептомицин сульфаты – медицинадағы негізгі туберкулез дәрісі болып табылады. Ол туберкулез, туляремия, оба қоздырғыштарына әсер етеді. Бұны қолданғанда бас айналу, жүрек айну, альбуминурия, іш өту, саңырау болып қалу мүмкін. Есту жүйесі зақымданғанда, бүйрек және гипертония ауруларында қолдануға болмайды. Бұның ұнтақтары 0,25, 0,5 және 1 г флаконда егуге арналған. Бір реттік мөлшері 0,5-1 г. Балаларға тәулігіне 15-20 мл/кг беріледі. Бұл дәрі бүйрек пен құлаққа зақым келтіреді, сондықтан қолданғанда сақ болу керек. 

   Циклосерин (циклокарин және т.б.) спектрі кең антибиотик, тек бұны басқа туберкулездік дәрілердің күші кеткенде қолданады. Қапталған және түймедақ түрінде мөлшері 0,25 г № 100, күніне 2 реттен аспен бірге беріледі. Балалар үшін тәуліктік мөлшері 0,01-0,02 г/кг. Оның жанама әсерлері орталық жүйке жүйесінен байқалады, сонымен бірге психоз, депрессия, қояншық, маскүнемдік, бүйректің жетіспеушілігі кезінде және жүкті әйелдерге қолданбайды.

 

   Натрий пара-аминосалицил қышқылы (Немазол натрий, ПАСК-натрий және т.б.) тек туберкулез микобактерияларына әсер етеді. Басқа туберкулездік дәрілермен салыстырғанда тиімділігі төмендеу болғанымен, басқа дәрілермен бірге біраз уақытқа қолдануға болады. 0,5 г ішек-ерігіш түймедағы, 100 г пакетте грануласы және 3% - 250 мл және 500 мл егуге пайданылады. Аптасына 5-6 рет және алмастырып асқазан арқылы беріп отыру керек. 3-4 г-нан күніне 3 реттен, балаларға 0,2 г/кг сүтпен немесе 0,5-2% гидрокарбонатының ерітіндісімен қосып ішкен жөн. Жанама әсерлеріне көбінесе асқазан қызметінің бұзылуы және аллергиялық өзгерістер байқалады. Нефрит, гепатит, цирроз, асақазанның және он екі елі ішектің жарасында және т.б. жағдайларда беруге болмайды.

   ЖҚТБ — жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі. Бұл ауру адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) вирусы арқылы пайда болады. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышыиммун жүйесін әлсіретеді, соның нәтижесінде организм әртүрлі ауруларға қарсы тұру мүмкіндігін жоғалтады. ЖҚТБ терминімен АҚТҚ соңғы кезеңін белгілеген; ол адамның иммун жүйесінің зақымдалуымен сипатталады, соның салдарынан ілеспе өкпе, ішек-асқазан жолдары ағзалары, бас миы аурулары дамиды. Ауру өліммен аяқталады.

ЖҚТҚ аббревиатурасы жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі ЖҚТБ дегенді білдіреді.

Синдром (белгі) — қандай да бір ауруды сипаттайтын симптомдар, белгілер жиынтығы.

Жұқтырылған — өмір сүру барысында жұқтырған ауру.

Қорғаныш тапшылығы — организмдегі иммундық жүйе белсенділігінің жеткіліксіздігі.

   Қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) тірі жасушаларды (лимфоциттер) зақымдайды және соларда дамиды. Тірі жасушалар вирустар бөлінетін және көбейетін «инкубатор» түрінде пайдаланылады. АҚТҚмөлшері өте кішкентай: ұзындығы 1 см болатын сызыққа 100 мыңға жуық вирустық бөлшектер орналасуы мүмкін. Вирус ұзақ уақыт жасырын (инкубациялық) кезеңде (зақымдану сәтінен бастап ауру белгісі пайда болғанға дейін) болатын баяу ағымдық ауруды тудырады. Сондықтан, о баста адам организміне енгенАҚТҚөзін ешбір білдірмейді. ЖҚТБжетілгенге дейін жылдар өтеді.

   АҚТҚ (қорғаныш тапшылығы қоздырғышы) зақымданудың негізгі себебі есірткіні инъекциялық қолдану болып табылады (80%), сонымен қатар жыныс жолдары арқылы зақымдалған адамдар мен АҚТҚ бар әйелдерден туылған балалар саны артып келеді.

4. Ауру ағымы

   АҚТҚ жауыздығы мынада, ол организмге түсіп, ұзақ уақыт өзін білдірмейді және оны тек зертханалық тексеру кезінде ғана анықтауға болады. Адамның иммун тапшылығы вирусы туғызған аурулар ағымы бірнеше кезеңде көрінеді:

   Бірінші кезең — АҚТҚ клиникалық белгісінің болмауы. Бұл кезең 2 ден 15 жылға дейін созылады. Бұл асимптомдық инфекция (жұқпа) деп аталады. Адам өзін сау сезінеді әрі сыртқа солай көрінеді, сөйте тұрып басқа адамдарға инфекция жұқтырады.

   Екінші кезең — ЖҚТБ алды.Аурудың алғашқы симптомдарының көрінуімен сипатталады: лимфа түйіндердің ұлғаюы; дене салмағын жоғалту; қалтырау; әлсіздік.

   Үшінші кезең — ЖҚТБ.Бірнеше айдан 2 жылға дейін созылады, науқастың өлімімен аяқталады. Зеңдер, бактериялық вирустар арқылы өмірге қауіп төндіретін ауыр аурулардың дамуымен сипатталады.

5. АҚТҚ-инфекциясының берілу жолдары

   АҚТҚ жұқтырған адамда әртүрлі сұйықтықта вирус бірдей болмайды. Вирустың біршама саны басқа бір адамды зақымдау үшін жеткілікті. АҚТҚ инфекциясы қанда, шәуетте, қынаптық секретте, ми-жұлын сарысуында, емшек сүтінде болады. Демек, АҚТҚ-инфекциясының үш түрлі берілу жолы туралы айта аламыз:

  • жыныстық қатынас;
  • парентеральді (вирустың қанға түсуі);
  • вертикальді (АҚТҚ бар ананың жүктілігі, тууы, емізуі кезінде).

6. АҚТҚ- инфекцияның жұқпайтын жолдары

АҚТҚ-инфекция жұқпайды:

  • достық қарым-қатынаста және сүйгенде;
  • қол алысқанда;
  • мектеп құрал-жабдықтарын, компьютерді, асхана құралдарын, сыртқы киімді пайдалану кезінде;
  • сантехжабдықтарды, бассейн, душты пайдалануда;
  • қоғамдық көлікте;
  • жәндіктермен, соның ішінде қансорғыш;
  • өндірістік және үй жағдайындағы заттар арқылы;
  • ауамен тыныс алу арқылы;

   АҚТҚ - инфекция тұрақты түрде жыныстық қатынасқа түсетін серігі болғанда, мүшеқап арқылы сексуалды қатынаста жұқпайды. Науқас адамға күтім жасау барысында да жұқпайды.

7. АҚТҚ - инфекциясын жұқтыру қатерінің дәрежесі.

   Қауіп -қатер тобы АҚТҚ зақымдану мүмкіндігі жоғары адамдар бар. Бұл қатер дәрежесін анықтайтын адамның тәртібіне байланысты: сексуалды серіктер санының көптігі; мүшеқапсыз жыныстық қатынас; жыныс жолдары арқылы жұқтырған ауруы бола тұрып жыныстық қатынасқа бару; есірткіні күретамыр арқылы қабылдау барысында бір ине мен шприцті бірнеше адамның қолдануы.

Сондықтан ілсңз топқа мыналар жатады:

  • нашақорлар;
  • гомосексуалистер;
  • жезөкшелер;
  • ретсіз жыныстық қатынасқа баратын тұлғалар.

   Әлемдегі бүгінгі жағдай қарапайым жеке тәртіп ережесін сақтамаған жағдайда біздің әрқайсымыз қауіп-қатер тобына жататынымызды көрсетіп отыр.

8. Алдын алу шаралары

   АҚТҚ - инфекциясынан емдеуге немесе зақымданудың алдын алуға болатын дәрілер мен екпелер әлемде әлі күнге жасалған жоқ. Ауру нәтижесі өлімге әкеледі. Тек қауіпсіз тәртіп пен өз денсаулығына деген жауапкершілік қатынас адамның иммун тапшылығы вирусымен зақымданудан қорғайды.

   Жыныстық жолмен зақымдану. Белгісіз жыныстық қатынасқа түспеген, есірткіні тамыр арқылы қабылдамаған адамда АҚТҚ зақымдану қатері жоқ.

   Ерте жыныстық қатынасқа түсу қаламаған жүктілікке, венерологиялық аурумен, ЖҚТБ зақымдануға әкелуі мүмкін. Осы біздің балаларымызға керек пе? Олар ата-ана болуға дайын ба?

Сондықтан АҚТҚ зақымданудың алдын алудың негізі төмендегілер болуы тиіс:

  • Қауіпсіз және жауапты тәртіп, салауатты өмір салты.
  • Ерте жыныстық қатынастан бас тарту. Некеге тұрмай тұрып, жыныстық қатынаста болудан бас тарту нағыз терең қатынасты құруға, төзім мен өзін-өзін бақылауды дамытуға, жастық шағына қуануға, жұқпалармен зақымдану қорқынышынан сейілуге ықпал етеді, ерлі-зайыпты ретінде бірегей қатынасты сезінуге көмектеседі, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды жұқтыру үрейінен және оның салдарынан арылтады.
  • Неке адалдығын сақтау.
  • Кездейсоқ жыныстық қатынаста мүшеқапты пайдалану.
  • Жеке бас гигиенасын сақтау.

9. Салауатты өмір салтыЖҚТБ алдын алу негізі ретінде

Мыңдаған аурулар бар, алайда денсаулық біреу ғана (Л. Берне).

   Адамдағы ең қымбат нәрсе — бұл өмір. Өмірдегі ең басты нәрсе - денсаулық. Өз денсаулығымызға күтім жасау арқылы біз болашақ ұрпағымыздың денсаулығы туралы ойлаймыз. Адам денсаулығы көптеген себептерге тәуелді: тұқымқуалаушылық факторлары, медициналық көмек, қоршаған орта және өмір сүру жағдайы. Өмір сүру салты әдеттерден, мінезден, адамның қажеттілігінен, оның материалдық және рухани жағдайынан, салт-дәстүрінен және т.б. қалыптасады.Өзіңді жақсы сезіну үшін салауатты өмір салтын ұстануға тырысу қажет. Бұдан бұрын да ұлы адамдар былай деген: «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат сыйы» (Т.Карлейль). Салауатты өмір салты адамның организмінің даму заңдылықтары туралы ақпараттануымен, ненің зиянды, ненің пайдалы екендігін білуімен тығыз байланысты. Аурудың ішіндегі ең қауіптісі — надандық.Салауатты өмір салты жеке бас гигиенасы ережелерін сақтаудан, денені шынықтырумен айналысудан, дұрыс тамақтанудан, алкоголь мен есіртік қолданудан бас тартудан, әртүрлі күйзеліске қарсы тұра білуден тұрады. Пайдалы және зиянсыз әдеттер денсаулықты сақтау мен нығайтуға ықпал етеді.

   Денсаулық үшін дене шынықтырумен айналысу өте маңызды. «Гимнастика, дене жаттығулары, жаяу жүру өзінің жұмысқа қабілетін, денсаулығын сақтағысы, толыққанды және бақытты өмір сүргісі келетін әрбір адамның күнделікті тұрымыс режиміне енуі тиіс» (Гиппократ).

   Адам денсаулығына алкоголь, шылым және есірткі қатерлі әсер етеді. Соның әсерінен ішкі ағзалар, тамырлар, ми зақымданып, ауыр дерттер пайда болады. Мұндай әдеттерден арылу өте қиын, әрі олар күнделікті өмірде «қажеттілікке» айналып кетеді.Оларды шектеу нәтижесінде пайда болған салдар соншалықты қауіпсіз: себебі адамның өзі олармен өз бетімен күресе алмайды. Әсіресе зиянды әдеттерге бала кезден үйір болса, одан арылу өте қиын. Бала кезде организм жаңадан қалыптаса бастайдыжәне зиянды заттардың жойқын әсеріне қарсы тұра алмайды. Жиі ауыратын болады, ол ауыр жағдайда өтіп, аяғы өлімге әкеледі. Емдеуге болатын да аурулар бар: соңы өліммен аяқталатын тұмау, респираторлық сырқаттар. Ойланбай жасалған әрекеттер (ретсіз жыныстық қатынас, есірткіні инъекциялық қабылдау) болжауға келмейтін қиын жағдайға душар етуі әбден мүмкін. Біздің балаларымыздың өмірі енді ғана басталып келеді. Ол қиындықтарға, кездейсоқ жағдайларға, жеңістерге, жеңілістерге толы. Біздің әрқайсымыз өз балаларымыздың жарқын да бақытты болашағын жоспарлаймыз, ол жүзеге асуы үшін бүгінгі күннен бастап оларды өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын, ерік-жігері мықты тұлға ретінде тәрбиелеуге тиіспіз. Өз денсаулығына жоғары бағалауға тәрбиелеу —салауатты өмір салтын қалыптастырудың мақсаты осы.

   ТУБЕРКУЛЕЗ (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.
 
   Жұқтыру көзі туберкулезге шалдыққан адам болып табылады. Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе үш жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың туберкулезбен ауруы мүмкін.
 
   Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каверна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.
 
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ  ДАМУ БАРЫСЫНДА ТӨМЕНДЕГІДЕЙ БЕЛГІЛЕР ПАЙДА БОЛУЫ MYMKIH:

  • екі аптадан артық уақытқа созылған жөтел;
  • әлсіздік;
  • дене қызуының көтepiлуi;
  • тершендік;
  • тәбеттің нашарлауы;
  • жүдеу;
  • шаршағандық;
  • қан  аралас қақырықтын түсуі;
  • кеуде тұсының  ауыруы.

 
ТУБЕРКУЛЕЗ НЕЛІКТЕН КАУІПТІ АУРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

  • жыл сайын 8,8 миллион адам туберкулезбен аурады;
  • ем қабылдамаған әpбip науқас жылына 10 адамнан 15 адамға дейін жұқтыруы мүмкін;
  • туберкулезге шалдыққандардың 75% 20-40 жас аралығындағы  адамдарды кұрайды;
  • оның салдарынан жыл сайын жер бетінде 2 миллионға жуық адам қайтыс болады;
  • ауруды жұқтырғандардың 5 -10%-ында ғaнa ауру дамуы мүмкін.

 
 
АУРУДЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР:
Іске қосатын фактор – иммунитеттің әлсіреуі. Толыққанды, үйлесімді тамақтанбау.
- ауыр аурулардың қатар жүруі (АҚТҚ, қант диабеті, ойық жара аурулары және басқалары);
- суық тигізу;
- зиянды әдеттер;
- созылмалы күйзелісті жағдайлар.
 
АУРУДЫ АҢЫҚТАУ ТҮРІ
   Туберкулезді анықтау үшін экспресс тестер қолданады (GeneXpert, Хайнтест, ДИАСКИНТЕСТ). Туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі (Манту реакциясы). Халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен) тексерудің маңызы зор.
 
ЕМІ
Химиотерапиялық, хирургиялық, емдік-профилактикалық жолмен емдейді.
   Қазіргі кезде туберкулез дертінен толықтай айықтыратын туберкулезге қарсы көптеген ықпалды препараттар бар. Туберкулезге шалдыққан сырқат өзіне дәрігер жазып берген емді дер кезінде толық күйде алуы тиіс. Ем барысындағы үзіліс оны емдеу аса қиынға түсетін туберкулездің дәріге тұрақты түрлерінің дамуына жетелейді.
   Науқастың кемінде 6-8 ай ем қабылдауы керек. Туберкулезге қарсы препараттардың бағасы өте қымбат, алайда олар науқасқа тегін беріледі.
Сырқаттың емді мерзімінен бұрын үзуіне немесе өзіне тағайындалған дәрілерді толық емес күйде қабылдауына болмайды. Өйткені бұл туберкулез микобактериясының дәріге төзімді түрінің пайда болуына жетелейді.
 
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЕМЕС TYPI
Спецификалық:
-  БЦЖ вакцина және БЦЖ ревакцинациясы
Спецификалық емес:
-   салауатты өмір салты;
-  тиімді тамақтану;
-  дене шынықтыру белсенділігі;
-  зиянды әдеттерден бас тарту.