«Біз, Қазақстандықтар туберкулезге қарсымыз!»

Алғашқы қоңырау

Главная / Орта мектеп / Алғашқы қоңырау
30 Мамыр 2018

   1 қыркүйек - бүкіл балаларының мерекесі. «Өйткені, бұл күні барлық калалар мен ауылдарда тұратын кішкентай бүлдіршіндер сөмкелері мен кітаптарын алып, тұңғыш рет класс есігін ашу үшін томпаңдап, мектепке бара жатады!»

   Егер 1 қырқүйек күні балалардың мектепке әкелген гүлінен бір гүлшоғын жасар болса, оны салып қою үшін дәл стадионның аумағындай ыдыс керек болар еді!

   Егер барша мектептің қоңырауы бір жерден кағылар болса, онда олардың көңілді күмбірі жұмыр жерді тербелтер еді.

   Еліміздің әрбір балақаны үшін мектепте орын дайын тұрады. Бізде барлық баланың оқып, білім алуына қақысы бар.

   Мектеп білімін игеру де оңай емес. Кейде кітап оқуға зауқың соқпай, одан да серуендегің, ойнағың, телевизор көргің келеді. Әнеки, мектеп дәл осы сәттегі көңілің ауған істі жасауға емес, тиянақты істі тындыруға, қажырлылықпен оқи білуге үйретеді.

   Мектепте 11 класс бар. Бұл шексіз білім биігіне апарар алғашқы 11 баспалдақ іспетті. Әр баспалдаққа шығып, өрлеген сайын айналаң айқын көріне бастайды. Бірақ мектеп сегіз жылдық немесе он бір жылдык деп аталғанмен оның сошы класын білімнің соңғы баспалдағы екен деп ұқпаған жөн.

   Тіпті төрткіл дүниенің қыр-сырын түгел біледі дейтін профессор, академик, әлемге аты әйгілі ғалымдар да оқып-үйренуден жалықпайды-ау. Бір сөзбен айтқанда, еңбектеген жастан еңкейген кәріге дейін өз білімдерін толықтырып, оқи беруге тиіс.

   Сондықтан да 1 кыркүйек - мектеп оқушыларының ғана емес, әр түрлі жастағы кез келген мамандық иесінің, бүкіл халқының мерекесі. Сол себепті, ол Білім күні деп аталады. Білім күні жылына бір-ақ рет өткізіледі. Ал білім жыл он екі айдың барлық 365 күн бойына, тіпті бүкіл ғұмыр бойына жиналады. Мектеп босағасын тұңғыш аттаған бүлдір- шіндерге ұстаздары дәл осы туралы әңгімелейді. Балалардың - мектепте көптеген пәндерді математиканы, табиғат тануды, сурет салып, ән айтуды оқып үйренулеріне тура келеді.

   Сөйтіп, қоңырау күмбірлеп, сабақ та басталды.