2001 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін кәсіпорынды жоғары санатты дәрігер-реабилитолог және жоғары санатты дәрігер-фтизиопедиатр Оспанов Нұрлан Мүтәнұлы басқарып келеді. Орталықта тәулік бойы соматикалық аурулары бар балаларға 100 төсек-орын, жүйке-жүйесі органикалық зақымдалған балаларға 40 төсек-орын, қалған 60 төсек орыны тірек қимыл аппараты бар ауруларға арналған 200 төсек –орын жұмыс істейді. Оңалту емдеу курсы 18 төсек/күн. Жоспарланған кесте бойынша жылына 3600 бала оңалту курсынан өтеді. Орталық бүгінгі таңда қажетті стандарттарға сәйкес кешенді оңалту жұмыстарын жүргізуде. Орталық заманауи жабдықтармен жабдықталған.
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округі, Қараағашты ауылы, Ш.Әбдіжаппар көшесі, №4 мекен-жайында орналасқан.
орталықтың аумағында орналасқан:
№1 Емдеу корпусы
№2 Емдеу корпусы
Стоматология бөлмесі
Физиотерапиялық ем бөлмесі
Тынығу орны
Ойын алаңында
Асхана және ас даярлау блогы
Ас адамның арқауы
Монша және кір жуу кешені
Ақ-Бұлақ оңалту орталығының әкімшілігі
Денешынықтыру залы
Спорт алаңы
Акт залы
Кітапханада
Тігін шеберханасы
Әкімшілік